«Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 8/НҚ бұйрығы

 «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 8/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17028 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.